Жаңалықтар

АЭС: референдумда қанша адам дауыс бергені анықталды

АЭС: референдумда қанша адам дауыс бергені анықталды
Фото: ©El.kz/Марина РУЗМАТОВА 08.10.2024 11:36 128

ҚР Орталық референдум комиссиясы Республикалық референдумның нәтижелерін белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құрады. Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады. Осылайша, референдум өтті деп саналады, - делінген мәліметте.

Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға