Жаңалықтар

АЭС климаттың өзгеруіне де өзіндік әсерін тигізеді – депутат

АЭС климаттың өзгеруіне де өзіндік әсерін тигізеді – депутат
Фото: El.kz/Арман МУХАТОВ 13.09.2024 11:16 1497

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Мәжілістің экология комитетінің мүшесі болғандықтан маған мұндай үлкен жобаның экологияға әсері қандай екені маңызды. Мен физик, атом саласының маманы емеспін. Дегенмен өңірдегі осы салаға қатысты орындарда болдым, олардың жұмысымен таныспын. Мен белсенді ядро реакторынан 21 шақырым жерде орналасқан аймақта тұрдым. Ол жерде мен ғана емес, 2 млн қазақстандық тұрды, - деді мәжілісмен.

Сергей Пономарев АЭС құрылысына байланысты өтетін референдум аясында Алматыдағы ядролық физика орталықтарын аралап, жұмысымен танысқанын айтты. Сөзінше, физик мамандармен жүздесіп, АЭС-тің қауіпсіздік мәселесін көтерген.  

Алматыдағы Медеу ауданында белсенді ядро эпиляторы бар және ол 60 жылдан бері ядро физикасында қолданылып келеді. Өңірлерге сапарымда ядролық физика орталықтарын аралап, радиация деңгейін көрсететін жинақтаушы есептегіштерді, гейгер счетчиктерін көрдім. Тікелей реакторлардан Алматы көшелеріндегі радиация деңгейінің төмен екені байқалады. Ең қызығы бір есептегіш (счетчик) жинақтаушы есепті көрсетсе, ал екіншісі уақытша (белгілі бір мерзімге дейінгі) уақытты көрсетеді. Жұмыс істейтін қызметкерлер үнемі сырт киіммен жүреді. Бір үлкен, бір жас маман жұмыс істейді. Олар соңғы 5 айда қанша радиация жиналғанын, барын не жоғын бақылап, айта алады. Радиация деңгейі жұмыс істеу үшін қолайлы, жасыл түсті деңгейді көрсетіп тұр. 2022 жылы Атом жүйесін бақылаушы халықаралық орталығы станцияға 60 жыл болса да оны жабудың, жұмысын тоқтатудың қажеті жоқ екенін айтты. Оның үстіне ол бізде ғылыми мақсатта жұмыс істеп тұр. Үлкен реактор болмаса да, Қазақстанның ең үлкен аумағында орналасқан. Сондай-ақ, ол аймақта радиактивті қалдықтары жатыр. Ол жердің де радиация деңгейімен таныстым. Бүгінде олардың барлығы бақылауға алынған. Сондықтан оның қауіптілігіне қатысты артық мәселе де жоқ, - дейді депутат.

Мәжілісмен АЭС-те жұмыс істейтін мамандарды даярлау жұмысы жайлы да айта кетті.

Бұған дейін Ядролық физика институтына «егер референдумда қоғам оң дауыс берсе, онда АЭС бойынша мамандар даярлайсыздар ма?» деген сауал жолдадым. Институт жаңа станцияда жұмыс істеу үшін 400 маманды даярлай алатынын жазды. Жұмыс істеп тұрған реактор үшін обстракталы жаттығу құрылғылары, қажетті және қолайлы жағдай жасау маңызды екенін айтты.  Ол үшін ең алдымен кампус, жатақхана және тағы басқасы керек. Экологиялық тұрғыдағы біздің мүмкіндіктерімізді де ескеру керек. Мәселен, бізде Ұлттық ядро орталығы бар. Радиактивті қалдықтарға қатысты заң жобасы да жасалуда. Мәжіліс мінберінде депутаттар қалдықтарды көму мәселесін талқылауға салатын боламыз. Әзірге жұмыс тобы құрылмады, - деді ол.

Депутаттың сөзінше, атом энергетикасы саласында Қазақстанның қауқары жоғары болады. Оған мысал ретінде  Курчатов қаласында орналасқан Ұлттық ядро орталығын атады. Әлемнің ядро және физика саласының мамандарын бір қолына ұстап отырған күшті орталық алаңы екенін де атап өтті.

Олар бүгінде ғылыми жұмыспен айналысып отыр. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниясын да білікті мамандар жеткілікті. Атом электр станциясына арналған отын шығаратын зауыт та бар. сондай-ақ біз уран өндіру бойынша көш басында тұрмыз. Бұл тізімге МАЭК-ті (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты) қосуға болады. 30 жылдан бері сәтті жұмыс істеп келеді, - деді Пономарев.

Мәжіліс депутаты бұған дейін АЭС салынуы мүмкін деген Алматы облысындағы Үлкен ауылында бірнеше уақыт тұрғанын және ауылдың ахуалымен толық таныс екенін айтты.  

1978 жылы кеңес одағы кезінде ОҚГС (Оңтүстік қазақстандық гидроэлектр станциясын) салу бойынша Үлкен ауылы таңдалған еді. Ол Балқаш көлінің маңындағы ешкім тұрмайтын аумақ болатын. Темір жол жолағы мен электр тасымалдаушы торабы болды. Сондықтан ол жерге Екібастұздағы қоңыр көмір өндірісіне арналған станция салу жоспарланған еді. Станция құрылысы басталмай тұрып, өңірде инфрақұрылымды жандандыру үшін көпқабатты тұрғын үйлері салынды. Мектеп, аурухана, балабақша да тұрғызылды. Станцияның жұмысы үшін барлық керекті инфрақұрылымды орнатты. Кеңес одағы тарағаннан кейін ол жақта тұрып жатқан тұрғындар қалып қойды. Мен олармен сөйлесіп, байланыстым. Олар станция құрылысының салынғанын қалайды, - дейді депутат.

Сергей Пономарев АЭС құрылысына қатысты тағы бір мәселе – су екенін атап өтті.  Сөзінше, бұл мәселе депутаттың бастамасымен Мәжілісте де көтерілген.

Балқаш терең көл емес. Орташа тереңдігі 6 метр шамасында. Егер ол 2 метрге тартылса, онда батпақты жерлер пайда болады. Оған 70 пайыз суды Іле өзені құяды.  Ал 30 пайыз суды Жетісу тауларынан ағатын өзен-су жолақтары құяды. Дегенмен олар көлге жетпей буланып кетеді. Сондықтан Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық өзендерде су бөлу келісім жүргізу көзделді. Бірақ келісім жүргізілмеуі де мүмкін. Физика, атом саласының мамандары АЭС-ке қанша мөлшерде су қоры кететіні жайлы да айтып жатыр. АЭС-те суды ылғандандыру мақсатында қолданатынын жақсы білеміз. Сондықтан оған әрине, көп су керек. Балқаш көліне ешқандай радиактивті заттар түспейді, су ластанбайды. Ауа температурасына да өзіндік әсері болады. Мәселен, күн райы жылынуы байқалады. Құстар жылы жаққа ұшып кетпейді. Экологиялық мәселелерге жан-жақтан қарап, талдап жатырмыз, - деді ол.

Депутаттың сөзінше, әлемдегі салынған және салынып жатқан барлық АЭС жоғары деңгейлі бақылау мен тексеруден өтеді. Сондықтан оның жұмысына күмән келтірмеген жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға