Жаңалықтар

АЭС бойынша референдумда қойылатын сұрақ дайын болды – ОСК төрағасы

АЭС бойынша референдумда қойылатын сұрақ дайын болды  – ОСК төрағасы
Фото: © Freepik.com 03.09.2024 16:15 784

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында 2024 жылы 6 қазанда өтетін республикалық референдумға қатысты отырыста айтылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумда қойылатын сұрақты нақтылап берді.

Кеше президент жарлығы шықты. Жарлықта референдумда қойлатын сұрақ нақтыланды. Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе? Бюлеттенде осы сұрақ қана жазылады. Болды. Жауап «Иә» немесе «Жоқ,-деді ОСК төрағасы.

Нұрлан Әбдіров референдум бір ғана сұрақ төңірегінде ұйымдастырылып, бір ғана станция мәселесін қамтиды деп сендірді.

Орталық референдум комиссиясының негізгі жұмысы - заңға сай сайлаушылардың дауыс беру процесін толығымен қамтамасыз ету,-деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға