Жаңалықтар

Адвокаттардың өкілеттілігі кеңейтіледі

Адвокаттардың өкілеттілігі кеңейтіледі
Фото: © Pixabay.com 18.05.2023 13:36 798

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қорғаушы көшірмелерін алуға құқылы құжаттардың тізбесін кеңейту туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта қорғалушының құқықтарын қорғау үшін негізгі маңызы бар кейбір құжаттармен адвокаттар тек таныса алады.

Адвокаттар азаматтарды қорғау үшін барлық қажетті ақпараттар хабардар болуы керек, өйткені олар заңға сәйкес өздерінің қорғаушыларының мүддесі үшін әрекет етеді, - дейді вице-министр.

Адвокаттарға ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғадан көшірмелерді алуға мүмкіндік беру ұсынылды. Яғни, қорғаушының қатысуымен жүргізілген тергеу және іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларының, тергеп-тексеру органының оның қорғаушысына қатысты қаулылары және бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы өтінішхаттардың көшірмесін алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға