Жаңалықтар

Әділет министрлігі аумақтық органдардың жұмысын оңтайландыруға ниетті

Әділет министрлігі аумақтық органдардың жұмысын оңтайландыруға ниетті
Фото: t.me/KZgovernment 26.02.2025 09:49 144

Әділет министрлігі өзінің аумақтық бөлімшелерінің қызметін оңтайландыруға ниетті. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ведомство басшысы Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бағыттағы жұмыс мемлекет басшысының жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, толық цифрландыру және өзін-өзі қамтамасыз ететін цифрлық экожүйені әзірлеу туралы тапсырмасын ескере отырып жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта сот орындаушысының Роботы арқылы жеңілдетілген өндірісті дамыту жалғасуда. Робот арқылы өндіріп алу сомасын 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін көбейту жоспарлануда, бұл азаматтардың өз қаражатын үнемдеуіне мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, азаматтарға заң қызметтерін көрсету тетігін, сот-сараптама қызметін жүргізу әдістемелерін жетілдіру, әзірленіп жатқан заң жобаларының сапасын арттыру үдерісі жүргізіліп жатыр. Әділет министрінің айтуынша, бұл шараларды қабылдау қызмет көрсету сапасын, сондай-ақ аумақтық органдар жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік тудырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға