Жаңалықтар

Әділет Барменқұловқа қатысты тергеу басталды

Әділет Барменқұловқа қатысты тергеу басталды
Фото: kff.kz 04.03.2025 18:05 299

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділет Барменқұловқа қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚМА мәлімдеді.

БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды. Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға