Адай және Қостанай тұқымды жылқыларын зерттеуге қыруар қаржы бөлінді

Адай және Қостанай тұқымды жылқыларын ғылыми зерттеуге 682,5 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай жылқысының тұқымын есепке алу, асыл тұқымды екені туралы куәлік пен мәртебе беру, бағалау, сондай-ақ сынақтан өткізу мәселелері асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнамамен реттелген. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық қаржыландыру аясында «Адай және Қостанай текті қазақи жылқының жүріктігін жетілдіру және сақтау» ғылыми-зерттеу бағдарламасын іске асыруды жоспарлап отыр. Оған шамамен 682,5 млн теңге бөлу көзделген, - деп жазылған Үкімет басшысының жауабында.
