Адамның түр-әлпетін танитын бейнекамералар қойылған
Әуежай, вокзал және мешіттерге келбетті танитын бейнебақылау камералары қойылған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті жедел басқару орталығының бөлім басшысы Лариса Чирва мәлім етті, деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Біз бұл жобаны жаппай енгізуді біраз уақыттан бері жоспарлап келеміз. Қазір келбетті танитын бейнебақылау камералары пилоттық негізде әуежай, вокзал, жерасты өткелдеріне және мешіттерге қойылды. Дегенмен ол барлық жерде дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Бағдарлама жетілдіруді талап етеді», - деді жедел басқару орталығының бөлім басшысы.
Лариса Чирваның мәліметінше, камералар адамның келбетін танып, азамат туралы базада бар барлық ақпаратты көрсетеді.Құрылғы халықаралық немесе ел ішінде іздеу салынған күдіктілерді де анықтауға қауқарлы. Жоба пилоттық кезеңнен өткеннен соң оны толық қолданысқа енгізу жоспарланған.