Жаңалықтар

Адамның денесі неге қышиды?

Дені сау адамның терісі неге қышиды?
Адамның денесі неге қышиды?
17.01.2017 10:30 27929

Көп жағдайда біз байқамай желкемізді, маңдайымыз бен қолымызды немесе аяғымызды қасимыз. Егер адамзат белгілі бір тері ауруы немесе қышымамен ауыратын болса түсінікті жәйіт. Ал, дені сау адамның дене мүшесі не үшін қышитынын түсіндіріп көрейік. 

Медицина саласының мамандары мұның себебін жүйке жүйесімен байланыстырады. Адам баласының ағзасында бірнеше түрлі жүйке талшықтары болады. Кейбір талшықтар дененің ауырсынуына жауап береді. Осы тұста өзге талшықтардың тітіркенуі дененің қышуына себеп болады.

Livescience сайты ғалымдар атап көрсеткен «қышыту» талшықтарының бірнеше түрін атаған.

1. Гистамин. Бұл адам ағзасында аллергиялық реакция барысында қалыптасқан протеин. Ол белгілі бір жүйке талшықтарын қоздырып, дененің қышуына әкеліп соқтырады.

2. Маса, кене секілді улы жәндіктер адам денесін шаққанда теріге әлсіз әсер ететін у тарайды. Осы аталған әрекет барысында жүйке жүйесіндегі кейбір талшықтар тітіркеніп, қышытады.

3. Шырмауық, балдырған,  қалақай сынды улы өсімдіктердің де әсері улы жәндіктердікіндей теріні тітіркендіру арқылы ықпал етеді.

4. Зергерлік әшекейлер. Көбінесе алқа, сырға, сақина т.б. әшекейлер теріге тигенде жанасып, жүйке талшықтарын тітіркендіреді. Сол себепті әшекей тағуға дағдыланбаған көптеген қыз-келіншектер терінің қышыған бөлшегін қасудың орынана, әшекейін жөндей береді.

5. Толқу мен стресс. Адам баласы бірдемеге алаңдап, мазасызданғанда автоматты түрде жүйке жүйесі тітіркенеді. Егер адамды улы жәндік шағып немесе теріге улы өсімдік тиген жағдайда терінің белгілі бір аумағы қышитын болса, қатты мазасызданғанда адам ағзасындағы барлық жүйке талшықтары тітіркеніп, жағымсыз әсерге бөленеді. Дененің барлық бөлшегі қышуы ықтимал.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға