Адамдарды құтқарған кентаулық полицей марапатталды
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
27.10.2024 15:17
394
Тәртіп сақшысы «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Жаса, жайна, Қазақстан!» салтанатты іс-шарасында Кентау қаласының учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатханға «Ерлігі үшін» төсбелгісі табысталды.
Полицей екі рет тұрғындарды құтқарып қалды. Пәтерде жалғыз өзі құлыптанып қалған 3 жасар бүлдіршінді 5-қабаттың балконы арқылы ішке кіріп, құтқарды. Оған қоса 4-қабаттың терезесінен секірмек болған ер жігітті де дер кезінде ажалдан арашалап қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда Бұқар Жырау бульвары уақытша жабылады
Келесі жаңалық
Серік Сәпиев – Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы