"Адам баласына адам баласының бәрі дос"
1. Серәлі Еруәліұлы (1835-1876) өлеңдерінде әр адамның өзіндік мінез-құлық ерекшеліктері психологиялық тұрғыдан нанымды сипатталады. Оның осындай тәлім-тәрбиелік идеялары қазіргі күн талабына сай айтылған.
Дос емес достың сөзін көтермесе,
Салған жерден түбіне жетем десе,
Не қылып дос атына қосылады,
Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.
Нағыз дос бір-біріне тарылмайды.
Жуырда түркеніне тарылмайды.
Жақсы-жаман айтты деп елемейді,
Бақ-дәулет сол адамнан айрылмайды.
Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас.
Көңілі татулықты іздеп тұрар,
Жөніне татулықтың шабандамас.
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз
Жасыған жездей қылып майымаңыз.
Сыр алмаған біреумен дос болам деп,
Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.
2. Ақан сері Қорамсаұлының (1843-1913) философиялық-психологиялық мазмұнға толы шығармалары халқымыздың классикалық өнерінің алтын қорына еніп, мәңгі-бақи өшпейтін үлгі-өнеге қалдырған.
Наркескен қайырылмайтын қылыш болса,
Мінезі, ақылы, өнері дұрыс болса,
Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт,
Жорғадай тілі майда жүріс болса.
Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз
Еткені берекелі жұмыс болса,
Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма?
Көріңдер миға салып дұрыс болса.
3. Абай Құнанбайұлының (1845-1904) өлеңдері мен қара сөздерінде адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау көргеннен үлгі-өнеге алу, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз
Тілеуің, өмірің алдыңда.
Оған қайғы жесеңіз
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Бес дұшпаның білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз
Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
4. Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерінде жастарды өнер-білімге, тәрбиелік мәні зор, адам бойындағы асыл қасиеттер дәріптеледі.
Жол қайда ақиқатқа апаратын?
Ел қайда Ақиқат деп аталатын?
Айлакер, арамзалар, алаяқтар,
Аяғы көктен келіп маталатқан?
Сол елде Адамға дос бауыр бар ма?
Адамға ақ жаныңды тосқаныңда
Ақ көңілдер тоғысып, ақ арнада,
Аға ала ма, кездеспей тосқауылға.
Тәлім-тәрбие туралы
«Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.»
«Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.»
«Сыйлассаң сыйымды боларсың.»
«Ұлық болсаң, кішік бол.»
«Адам баласына адам баласының бәрі дос.
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды:
Естіп, көірп, ұстап, татып, ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайда білгені, көргені көп адам білімді болады».