Жаңалықтар

«Адам жалдаймын». Мақпал Жүнісова өзін күйеуге шықты дегендерге жауап берді

«Адам жалдаймын». Мақпал Жүнісова өзін күйеуге шықты дегендерге жауап берді
Фото: instagram.com 28.10.2024 11:47 6135

Мақпал Жүнісова өзінің күйеуге шыққаны туралы жалған ақпарат тарауына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бейнеүндеуін өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Мында отырған жігіттер ме, қыздар ма, кімдерсіңдер? «Мені күйеуге шықты, ойбай» деп салып жатыр екенсіңдер ғой. Ұяттарың қайда өзі? Хайп ұстаймын деп бізді қалай болса солай ойыншық қылдыңдар ғой әбден. Ойларыңа келгендеріңді саласыңдар. Бүйте беретін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарамын. Адам жалдап тұрып, соттатып, ақшаларыңды, бәрін алып кетемін. Түсіндіңдер ме? Ешқандай да күйеуге шыққан жоқпын. Ол – концерттің режиссері, мені гүлмен қарсы алған. Ал жаза беріңдер, быт-шытттарыңды шығарамын, – деді әнші.

Ол гүлмен қарсы алған концерттің режиссері екенін айтты. Халық әртісінің күйеуге шыққаны туралы жалған ақпарат Тік Ток желісінде тараған.

Сондай-ақ эстрада жұлдызы жүрегінің бос екенін айтып, оқырман қауыммен сырласты. 

Ешкімге ренжігім келмейді. Бірақ сөздері сүйектен өтеді. Жанымды жаралайды. Бүгінде ешкімге ғашық емеспін. Жаңалықтың бәрі жалған, – деп жауап жазды халық әртісі. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға