Жаңалықтар

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қамау орындарына кедергісіз кіру құқығы беріледі

Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасын Мәжілістің жалпы отырысында таныстырған кезде айтты
 Адам құқықтары жөніндегі  уәкілге қамау орындарына кедергісіз кіру құқығы беріледі
Фото: egemen.kz 07.09.2022 11:09 864

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қамау орындарына кедергісіз кіру құқығы беріледі, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасынМәжілістің жалпы отырысында таныстырған кезде айтты.

Оның мәліметі бойынша, аталған конституциялық заң жобасы 6 тараудан және 23 баптан тұрады.

«Уәкілдің, оның облыстардағы өкілдерінің және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметін ұйымдастыруға байланысты ережелер көзделген. Қолданыстағы заңда көзделмеген негізгі жаңа ережелерге толығырақ тоқталғым келеді. Жаңа ережелерді екі топқа бөлуге болады. Біріншісі – уәкілдің құзыретін күшейту, екіншісі – оның қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, уәкілдің құзыретін күшейту бөлігінде омбудсменнің азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі мәселесі бойынша Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы көзделген.

«Екіншіден, басқа мемлекеттердің шақыруы бойынша адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына байқаушы ретінде әрекет ету құқығын беру ұсынылады. Үшіншіден, уәкілдің құзыретін күшейту мақсатында оның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне кедергісіз бару құқығы бекітіледі», - деді Қанат Мусин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға