Адам қағып өлтірген автобус жүргізушісі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Қарағандыда адам қағып өлтірген автобус жүргізушісі жаза арқаламайтын болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасы былтыр 2 қарашада Бұқар Жырау даңғылында болған. Бейнежазбадан белгілі болғандай марқұм болған адам автобусқа өзі жүгігені көрінеді. Жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларға толы көлік құралы оңтүстік-шығысқа қарай жүріп бара жатқан.
Қарағанды облысы ПД бастығы Санжар Әділов қажетті автотехникалық сараптамалар, тергеу эксперименттерін жүргізгенін хабарлады.
Осы ЖКО-ны түсірген бейнебақылау камерасынан, серверден бейнежазба алынды. Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде және сот сараптамасының қорытындысы негізінде тергеу автобус жүргізушісінің жаяу жүргіншімен соқтығысудың алдын алуға мүмкіндігі болмаған деген қорытындыға келді, - деді ол.
Прокуратура келісімі бойынша, бұл қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
