Жаңалықтар

Адам концепциясын құрудағы Абайдың рөлі талқыланды

Сондай-ақ бірқатар ел азаматтары марапатталды
Адам концепциясын құрудағы Абайдың рөлі талқыланды
Фото: El.kz 28.12.2022 18:04 1490

Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қоры мен республикалық «Бас редакторлар клубы» қоғамдық шараларға ат салысып жүрген ел азаматтарын марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2020 жыл «Абай жылы» деп жарияланған сәттен бастап республикалық, халықаралық деңгейде түрлі іс-шаралар өткізілді. Салтанатты жиында ел руханиятын насихаттауда өзіндік үлесін қосқан азаматтар мен келер жылы бірлесе атқаратын шаралар талқыланып, жұмыс жоспары бекітілді.

«Қазіргі таңда біз толық адам концепциясын құру бағытында келе жатырмыз. Сондай-ақ ұрпақты тәрбиелеуде ат салысу қажеттілігі жоғары. Өмір – намысты азаматтардан тұрады. Осы ортада Аслан Ғафуров бастаған бір топ азаматтарымыз тұрғанда ұлттық құндылықтарымыз еселене береді», - дейді «Бас редакторлар» клубының президенті, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай.

Ұлт идеологиясын әлемдік деңгейде одан әрі таныту мақсатында 2023 жылы «Қазақ құрылтайы» атты ютуб жобасы көрермен назарына ұсынылады. Жобаны іске асырушылардың айтуынша, алғашқы түсірілім қаңтар айында бірінші мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен болмақ.

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдерін марапаттау тізімінде журналист, Халықаралық Телевидение және радио Академиясының академигі әріптесіміз Мақат Садық та бар. Елеулі қызметі үшін алғыс білдіріп, мерейтойлық медаль табысталды. Жиынға еліміздің қоғам қайраткерлері қатысып, хәкім Абай жайлы келелі сөз сөйледі.

«Ең бірінші адам өзінің рухани қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Абай мұрасына, сөзіне, ойына терең батып түсінуге тырысқан жандардың еңбектерін назарда болғаны көңіл қуантады. Қор мүшелерінің еңбектері де елеусіз қалмайды деген үміттеміз», - дейді ақын-жазушы Тұрсын Жұртбай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға