Жаңалықтар

Адам ағзасына ең қауіпті өсімдік табылды

Адам ағзасына ең қауіпті өсімдік табылды
Фото: userapi.com 23.02.2024 11:40 1413

Жер бетіндегі ең қауіпті өсімдік атауы белгілі болды. Бұл туралы fishki.net порталына сілтеме жасай отырып, El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл өсімдіктің жойқын қабілеті сондай, оны шабуыл кезінде немесе ереуілшілерді қуғындау мақсатында қолдануға болады. Атауы – Хура ағашы.

Ағаштың бірнеше түрі бар. Алайда оның «динамитті» түрі – ең қауіптісі.

Хура спираль тектес бұтақтардан тұрады. Діңгегі улы тікенектерге толы. Бұл тікенектер адам өміріне зиянды сұйықтық бөледі.

Оның бір түйір дәнінің өзі жүректі айнытып, адамды жайсыз сезіндіреді. Салдарынан асқазан ауырып, іш бүріп, көз қарауытып, жүрек соғысы жиілеп кетеді. Бұл - ең жеңіл симптомдары.

Ал ағзаға өсімдіктің кем дегенде екі түйірі түссе, галлюцинация пайда болып, адамның конвульсиялық ұстамадан тіл тартпай кетуі әбден мүмкін. Жергілікті аборигендер семсерлері мен жебелерінің ұшын ағаш уымен ысқылап, жорыққа шыққанынан-ақ оның жойқындығын аңғаруға болады.

Өсімдіктің көбею процесіне тоқталсақ, динамитті ағаш пісіп жетілген кезде дәндерін секундына 70 метрге дейін шашыратады екен. Әдетте дақылдар 14 метр қашықтыққа шашылып, жарылғыш гранатадан кем түспейді.

Айта кету керек, бұл өсімдікті Орталық және Оңтүстік Американың орманды аумағынан кездестіруге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға