Жаңалықтар

«Адал жолмен нан табайық». Ішкіліктен емделіп жатқан Алмас Өтешев халқына алғысын айтты

«Адал жолмен нан табайық». Ішкіліктен емделіп жатқан Алмас Өтешев халқына алғысын айтты
Фото: Видеодан алынған кадр 22.08.2024 15:00 877

Қазақстандық танымал ауыр атлет Илья Ильин бұрынғы командалас әріптесі Алмас Өтешевтің қалай емделіп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, Илья Алмастың соңғы он жылда ішкілікке салынып кеткенін, қазір оның ем қабылдап жатқанын алға тартқан.

Қазір біз оны таптық, клиникада емделіп жатыр. Бәрі дұрыс. Федерация қосылды, Құдайға шүкір дейміз. Мен оған: «Алмас, бұл менің емес, халықтың қолы. Егер сен қазір қолды алмасаң, ертең ондай мүмкіндік берілмейді» дедім. Екі аптадай қыдырды. Бейжай қарамайтын жігіттер тауып, қазір алкоголизмнен емделіп жатыр, - деген еді.

Сол сұхбатында ол Алмастың қай жерде, қалай емделіп жатқанын көрсететінін айтып сөз берген. Алмас видеода барлығына алғысын жеткізді.

Рахмет, халқым! Қазақта «100 теңгең болғанша 100 досың болсын» дейді. Илья сондай дос. Харамға жоламайық, адал жолмен жүріп, адал жолмен нан табайық. Өсейік, өнейік, Илья Ильин секілді Олимпиада чемпиондар көбейе берсін, - деді Өтешев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға