Жаңалықтар

Абзал Сапарбекұлы: Мақсатымыз - отандастарымызға ортақ диалог алаңын ұсыну

Абзал Сапарбекұлы: Мақсатымыз - отандастарымызға ортақ диалог алаңын ұсыну
Фото: “Отандастар” қоры 11.10.2023 11:33 883

“Отандастар” қорының президенті Абзал Сапарбекұлы алқалы жиынға алыстан арнайы ат арытып келген ағайынға, қиырдағы қандастарымызға алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда «Шетелдегі қандастарымызбен тығыз қарым-қатынас орнатып, рухани байланысты нығайта береміз. Бұл мәселе - менің жеке назарымда» деген болатын. Осыған орай «Отандастар қоры» соңғы екі жылда Германияда, Ресейде, Өзбекстанда, Моңғолияда қандастарымызбен кездесулер өткізіп, іргелі мәселелерді талқылауға ұйытқы болды. Бүгінгі жиын соның Атажұрттағы жалғасы деуге негіз бар. Бұл басқосудың орны бөлек, маңызы жоғары. Әлемнің төрт тарабында мекендеп, ұлттық болмысы мен қазақы қалпын сақтап қана қоймай, терең білімімен, бірегей дарынымен биік белестерді бағындырып, еліміздің атын шығарып жүрген қандастарымыз қандай да құрметке болсын лайық. Солардың бірқатары бүгін ортамызда отыр. Сонымен бірге әлемнің түкпір-түкпірінен елге түпкілікті оралып, еңбегімен елеулі болып жүрген қандастарымыздың да қатары қалың. Бұл да – «Елге ел қосылса – құт» деген бабалалар нақылының бір көрінісі,- деді ол. 

Ол сондай-ақ форумның мақсатына тоқталды. 

Жиынның басты мақсаты – отандастарымызға ортақ диалог алаңын ұсыну, іргелі елдік мәселелерді бірлесе талқылау, сырттағы қандастарымыздың әлеуетін ел дамуына тарту және тәжірибе алмасу. Дана халқымыз «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген. Біз осынау бабалар қағидасын нық ұстанып келеміз. Президентіміз ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы да осыдан бастау алады. Бүгінгі жиынның көздегені де – осы, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға