Жаңалықтар

Abyroy президенттік оркестрі орындаған «Рух» әніне бейнеклип түсірілді

Abyroy президенттік оркестрі орындаған «Рух» әніне бейнеклип түсірілді
Фото: Видеодан кадр 03.05.2024 11:47 848

Отан қорғаушы күні қарсаңында Abyroy президенттік оркестрі орындаған «Рух» композициясына түсірілген бейнеклип жарық көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Музыкасын Жанболат Әділов, сөзін Рүстем Арсланов жазған “РУХ” әні аз уақыт ішінде әлеуметтік желілерде кең таралып, танымал болған еді. Әуеннің клипке арналған аранжировкасын жасауға Иманбек Зейкенов қатысты. Бейнеклиптің режиссері - Еламан Бұралқиев.

Бейнеклипте Қазақстанның арнайы және әскери құрылымдарының жауынгерлік күштерінің іс-қимылы көрсетілген. Сондай-ақ клиптің түсіріліміне ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР ҰҚК «А» қызметі, ҚР ҚК Арнайы операциялар күштері, ҚР Ұлттық ұланы, ҚР ТЖМ бөлімшелері қатысты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР МКҚ | СГО РК (@sgork_official)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға