Қабырғада жүре алатын құлтемір
Жақында инженерлер қабырғада жүретін робот ойлап тапты. Мамандардың айтуынша, құлтемірді түрлі мақсатта пайдалануға болады.
New Scientist басылымының хабарлауынша VertiGo құлтемірі бір мезетте біркелкі жылдамдықпен жерде және вертикалды бағытпен яғни қабырғада жүре алады. Аппаратты Disney Research компаниясының инженерлері жасаған. Құрастырушылар роботтың жаңа түрін жасау арқылы құлтемірлердің мүмкіндігін арттыруды көздегендіктерін айтады.
Құлтемірдің ұзындығы 60 см. Роботтың төр доңғалағынан тыс үстіне орнатылған екі қосымша пропеллері бар. Осы екі құрылғы құлтемірдің қабырға үстінде жылжыуына ықпал етеді. Құлтемірдің артқы бөлігінде орналасқан роторы алға итерсе, алдыңғы бөлшегі жоғары қарай тартады.
Құрастыру жұмыстарына замануи композиттік материалдар қолданылған, тіпті кейбір бөлшектері 3D-принтерде басылып шыққан. Құрастырушылар замануи қондырғының арқасында құлтемірдің жалпы салмағын 2 килограммға азайтыпты. Салмақтың маңызы зор, егер робот ауыр салмақты болса қабырғаның үстінде жылжи алмас еді. Құлтемірдің жалғыз кемшілігі бар – ол тек 10 минут қана жұмыс істей алады. Роботты қозғалту үшін полимерлі қуат көзі пайдаланылады. Болашақта құрылғы әлі де жетілдіріліп, үлкейтілуі мүмкін.
Жалпы аталмыш концепцияны жаңалық деп айта алмаймыз. Себебі, бұған дейін Boston Dynamics инженерлері осы тектес құлтемір ойлап тауып, көпшілікке таныстырған еді. Олар алты аяқты қабырғамен жүре алатын RiSE атты робот жасаған болатын. Оның да салмағы 2 кг болды. Алайда RiSE құлтемірінің вертикалды бағыттағы жылдамдығы VertiGo-ға қарағанда әлдеқайда нашар болғанын атап өткен жөн.
Инженер Пол Бирдсли (Paul Beardsley) мен оның әріптестері құрастыру саласындағы еңбектерін әлі де жетілідіріп, болашақта қабырғадан ғимараттың төбесіне еркін өтіп, қозғалатын құлтемір жасап шығаруды жоспарлап отыр. Ал, жаңа техниканың қолданылу аясына тоқталар болсақ, түрлі мақсатқа пайдалану көзделген. Мәселен, құлтемірді тұрмыстық бақылауға немесе шаңсорғыш мақсатында пайдалануға болады. Құрастырушылардың жобалауынша Disney Research технологиялары машинақұрастыру саласында да көрініс табуы мүмкін.
Disney Research – әлемдегі жетекші индустриалды The Walt Disney Company компаниясының бір бөлімшесі болып табылады. Бөлімше өкілдері Карнеги Университеті – Меллон сондай-ақ Цюриха Швейцария жоғары технологиялық мектебімен әріптесе жұмыс істейді.
Бұған дейін Disney Research құрастыру компаниясы EM-Sense технологиясын жасау арқылы көпшіліктің есінде қалды. Бұл – қоршаған ортаға пайдаланылатын әмбебап анализатор. «Ақылды» сағаттар иесі бағыт алған нысандар туралы ақпарат бере алады. Сонымен қатар EM-Sense құрылғысында тек бір тетік басу арқылы құлыпты бұғаттай алатын бағдарлама бар.
Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ