Абылайхан Жұбаназар «Үлкен дулыға» турнирінің күміс жүлдегері атанды
Фото: instagram.com/drs_kz
Фото: instagram.com/drs_kz
25.03.2023 21:30
1910
Абылайхан Жұбаназар Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Үлкен Дулыға бəсекесінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Отандасымыз финалда аустриялық дзюдошы Вахид Борчашвилиден голден-скорда жеңілді. Абылайхан D тобында іріктеуде канадалық Мохаб ел-Нахасты, польшалық Павел Дзималды, Еуропа чемпионы атанған молдовалық Виктор Стерпуды ұтты. Ал жартылай финалда грузиялық Дмитрий Гочилаидзеден басым түсті.
Айта кетейік, кеше Мағжан Шамшадин (60 кг) мен Əбиба Абужақынова (48 кг дейін) өз салмағында үздік үштікті түйіндеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Словакияда Наурыз мейрамына орай қазақтың киіз үйі тігілді
Келесі жаңалық
Композитор Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл толды