Жаңалықтар

Абылай ханға қатысты тарихи құжат

Дүйсенәлі Әбділәшімұлы Жапонияның Киото Университетінде Орталық Азия тарихын танып, соның ішінде Қазақ хандығына қатысты құжаттар мен тарихын зерттеп жүр.
19.03.2015 05:20 6795

Дүйсенәлі Әбділәшімұлы Жапонияның Киото Университетінде Орталық Азия тарихын танып, соның ішінде Қазақ хандығына қатысты құжаттар мен тарихын зерттеп жүр. Бүгінде өзі Бейжіңдегі Ұлттар Университетінде шағатай тілінен арнайы дәріс береді. Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өткелі жатқанын естігенде тарихшы ретінде қатты қуандым дейді ол.

Абылай ханға қатысты тарихи құжат

«Бұл жалпы, тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл дүние мәдениетіне үлкен үлес болуы мүмкін. Оның ішінде әрине, Қытай да қызығушылық танытады деп ойлаймыз, өйткені көрші елдерміз. Әр елдің мәдениеті бір-бірімен тығыз байланыста болады, бұл, әрине, екі жаққа да пайдалы. Болашақта екі елдің осы саладағы зерттеушілері өзара пікір алмасып, саланы одан ары дамыта түседі деп есептеймін», - дейді тарих ғылымдарының докторы, Бейжің орталық ұлттар университетінің оқытушысы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы. 

Ғалым бұған дейін Қытайдағы мұрағатқа кірген жалғыз қазақ Еркін Ауғалимен бірлесіп бірнеше ғылыми еңбек жазған. Абылай ханның тотмұңғыл тілінде түсірілген хатын аударған. Бүгінде ол Қазақ хандығы кезінде Чиң патшалығына жазылған хаттарды зерттеуде. Соның бірі 1774 жылдары Әбілпейіс сұлтанның Чиң патшалығына жазған хаты. Мұнда Ұлы жүздің бір руын жаулап кеткен оңтүстіктегі қырғыздарды Абылай хан орталықтан арнайы барып талқандағаны айтылады, деп жазады kazakh-tv.kz. 

«Шоқанның ертеректе жазған мақалаларында қазақтар мен қырғыздардың арасындағы қақтығыс сөз болады. Абылай хан бастаған қол Әбілпейіспен бірлесіп қырғыздардан есе қайтарады. Осы тарихи оқиғаны осы хаттан табуға болады. Орта Азия тарихында аса маңызды дерек көзі деп айтуға болады», - деп толықтырды ғалым.

Абылай (Әбілмансұр) хан — (17331737) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері.

Жазба деректерде Абылайдың шет ел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендегі айқын көрсетіледі. 1752 жылы ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойрат қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 жылы желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде - тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға түсірді. 1756 жылы Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетті. 1757 жылы Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасқаннан кейін, қытайлар Абылайдан бітім сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға