Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды
"Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2023 жылғы 12 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мырзахметов А.И.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, - деп жазылған соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
10 мамырда Антикоррупциялық қызмет "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовті ұсталғанын мәлімдешгег еді.
Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдікке ілініп отыр. Қазір күдікті Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексермек.