Жаңалықтар

Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде «Сағыныштың түсі» атты көрме ашылды

Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде «Сағыныштың түсі» атты көрме ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 15.04.2025 21:47 283

15 сәуірде Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде белгілі қолөнер шебері, суретші Тұрбай Мұратбектің «Сағыныштың түсі» атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экспозицияда 40-тан астам инемен кестеленген жұмыс ұсынылған. Суретші туындының құрылымы мен түстік түзілімін түрлі-түсті жіптер арқылы ойнатып, кескіндемелік жолақтарды, жағыстарды және кескіндерді аса дәлдікпен кесте арқылы көрсетеді.

Жалпы суретшінің көрмеге қойылған жұмыстарынан – түстің қанықтығы, құрылымның нақтылығы байқалады. Автор туындыларының тағы бір ерекшелігі – дәстүрлі ою-өрнектерді шебер қолдануы болып отыр.

Көркемөнердің ішінде балалық шаққа арналған тақырыптар да бар. Ол өз еңбектерінде ауылдың бейқам өмірін, бала көңілдің тазалығын, жан дүниенің тыныштығы мен сағыныш лебін көркем шеберлікпен жеткізген. Көрме 4 мамырға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға