Абиба Әбужақынова: Толық құраммен келмесек те, барымызды салдық
Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
03.08.2024 14:13
588
Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Абиба Әбужақынова командалық жарыстан кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біз командалық жарысқа алғаш рет лицензия алып тұрмыз. Оның өзінде, толық құраммен алмадық. Сондықтан, көпшілігіміз жоғары салмақта белдестік. Соған қарамастан, жақсы нәтиже тіркеп, ерлік көрсеттік деп ойлаймын. Жүлдеге жақындай алмағанымыз өкінішті, десе де, біз алдағы ойындарға толық құраммен келеміз деген сенімдемін. Жанкүйерлерді қуанта алмағанымыз үшін кешірім сұраймын, - деді Абиба.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жарысты 1/8 финалдан бастады. Алғашқы айналымда дзюдошылар Бразилияға 5:2 есебімен жол берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теміртауда «Таза ойындар» экологиялық сенбілігі өтті