Жаңалықтар

Абиба Әбужақынова мен Елдос Сметовтің қарсыластары анықталды

Абиба Әбужақынова мен Елдос Сметовтің қарсыластары анықталды
Фото: ҚР ҰОК 25.07.2024 18:20 680

Қазақстандық дзюдошылардың Париж Олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абиба Әбужақынова (48 кг) алғашқы айналымда Израиль спортшысы Шира Ришонимен кездеседі. Камила Берліқаш (78 кг) моңғолиялық Адиясурен Амарсайханмен, ал Эсмигүл Куюлова (63 кг) аустриялық Лубьяна Пиовесанамен белдеседі.

Елдос Сметовтің (60 кг) алғашқы қарсыласы – Нидерланд спортшысы Торнике Цякадоеа. Сондай-ақ Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) бірінші айналымда испаниялық Дэвид Гарсияға қарсы тұрады. Данияр Шамшаев (73 кг) өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевпен кездессе, Нұрлыхан Шархан (-100 кг) белгиялық Тома Никифоровпен белдеседі. Абылайхан Жұбаназар (81 кг) венгриялық Миклош Унгваримен күш сынасады.

Аралас командалық жарысты спортшылар +90 кг салмақ дәрежесі бойынша бастайды. Қазақстан құрамасының бұл сайыстағы алғашқы қарсыласы – Бразилия.

Дзюдошылар жарысты 27 шілдеде бастайды. Алғашқы жарыс күні Абиба Әбужақынова мен Елдос Сметов татамиге шығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға