Жаңалықтар

Абиба Абужақынова әлемдік Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды

Абиба Абужақынова әлемдік Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды
Фото: ҚР дзюдо федерациясы 27.01.2024 01:25 901

Қазақстан дзюдошысы Абиба Абужақынова Португалияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінің қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі дзюдо федерациясына сілтеме жасап. 

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жұбаныш финалда Сила Ерсіннен (Түркия) басым түсті. 

Абиба Абужақынова қола жүлдеге дейін барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Атап айтқанда, іріктеу кезеңінде Эмбер Гершес (Нидерланд) пен Лаура Эспадинханы (Франция) жеңді. Алайда ширек финалда жапониялық Кано Миякиге есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде бельгиялық Лоис Петиттен басым түсіп, кіші финалға жолдама алған болатын. 

Айта кетерлігі, Португалияның Одивелаш қаласында басталған Гран-при додасы дзюдодан 2024 жылғы маусымның алғашқы ресми рейтингтік жарысы. Оған әлемнің 90 елінен 624 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 700 ұпай, ІІ орынға – 490, ал ІІІ орынға 350 ұпайдан қосылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға