Абиба Әбужақынова әлем чемпионатында медальсіз қалды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
08.05.2023 01:18
1327
Танымал қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Дохада (Катар) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдеден тыс қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін таласта Әбужақынова италиялық Ассунта Скуттодан ұтылды.
Нәтижесінде әйелдер құрамасының көшбасшысы бесінші орынды қанағат тұтты.
Айта кетейік, былтыр Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатында Әбужақынова қола медаль жеңіп алған.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Петропавлда 9 үй, гараж бен 3 автобус өртеніп кетті
Келесі жаңалық
Таразда пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт болды