Қабдеш Жұмаділовтің «Қозыкүрең» шығармасы бойынша сабақ жоспары
Қабдеш Жұмаділов қазақ тарихындағы көмескі жайлардың көлеңкелеріне ой сәулесін жіберіп, соны толғана отырып, санадан өткізуді, шындықты бүркемелемей бүгінге жеткізуді мақсат еткен жазушы.
Сабақтың мақсаты: Төреқұл мен Ағыбай арасындағы достықты насихаттау. Қазақ пен қырғыз арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың бауырластықтың жалғасы ретінде көрсету. Қозыкүреңнің жершілдігі. Жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарастың әңгімедегі көрінісі.
Оқушылар бұл сабақтан Қабдеш Жұмаділов туралы мағлұмат алады.Жылқы малы туралы кеңірек мағлұмат алады.Тақырыптың мазмұнын ашады, өз ойын жеткізеді.Сөздік қоры дамиды.Өз бетімен жұмыстануға дағды қалыптасады.Ынтымақтастық қалыптаса отырып, достық сезімдері оянады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Оқушыларға берілетін тапсырмалар: «Ер қанаты-тұлпар» ойтолғау жазу, шығармашылық жұмыс өлеңдер шығару.топпен, жұппен жұмыс.
Сабақ барысында сыныппен байланыс орнатып, жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Кіріспе |
/ фигуралар арқылы 4 топқа бөлдім, топ мүшелеріне сан атауларын беріп, ол сандарды бір топқа жинадым./ Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолына тоқталамын. Қандай шығармалары бар екен? Критериймен таныстыру. Түсіну, шығарманың тақырыбын аша алды-1бал; қолдану: топта, жұпта жұмыстану мүмкіндікті дұрыс пайдаланды-2балл; оқиға барысын анықтай білді-3 бал. Талдау шығарманың дамуы деңгейін баяндай алды-3балл; қорытынды ойын жеткізді- 5 балл.
|
Тыңдайды. Оқулықпен жұмыстанады. |
Тұсаукесер |
І. Қызығушылығын ояту. Ой шақыру « Жылқы малы туралы не білеміз?» ассоциация
|
Жылқы малын көз алдына елестетеді. Салыстырады, дәлелдер келтіреді. |
Негізгі бөлім |
Сыныпты әдісі бойынша топқа бөлу. Топта мәтінді оқиды 10 мин, жұпта түсіндіреді. 5 мин Мәтінмен жұмыс МИҒА ШАБУЫЛ сұрақ жауап әдісі арқылы тексеремін. 1.Әңгіме не туралы? 2.Әңгіме қалай басталды? 3.Ағыбайлар сән-салтанатпен неге киінеді? 4.Ағыбай мен Төреқұлдың достығы қалай басталды? 5.Төреқұл мен Ағыбай көбіне қандай тақырыпта әңгімелесті? 6. Төреқұл жылқы малының қасиеті туралы әңгіме айтты. Кім айтып береді? 7.Саяқбай Жылқышы Қозыкүреңнен айырыласыңдар деді оны неден байқады? 8. Оған жігіттер сенді ме? 9.Саяқбайдың айтқаны келді ме? 10. Оқиға ары қарай қалай дамыды? |
Топта, жұпта жұмыс жасауда белсенділік таныту қажет. Зейін қою Жауапкершілікті сезінеді.Шығарманы ой елегінен өткізді. Салыстырады Дәлелдер келтіреді. Ойын қорытындылайды
|
Қорытынды |
«Ер қанаты-тұлпар» ойтолғау жазу. Шығармашылық жұмыс өлеңдер шығару. |
Сұраққа жауап беру. салыстыру, дәлелдеу, бағалау. |
Сабақтың өзіндік талдауы:
Сыни тұрғысынан ойлау модулін қолдандым.
Негізгі бөлімде ДЖИКСО әдісін пайдаландым. әр топ мүшесінің жауапкершілікті сезінуі байқалды. Топ мүшелері берілген мәтінді оқып, жұпта талдау барысында өз – өзін түзетулер болды. Күтілетін нәтижеге келсем, мәтінмен сыныптың толық бір сабақта танысуы жүзеге асты.
Критерий арқылы бағалауда оқушылар қиналды.
Топта кім жақсы түсіндіре алды? Белсенділік болды ма? Топта түсіндірген жақсы ма? Өз ойын айта алмай қалдым немесе топта жұмыстану қиын болды ма? Тыңдалмай қалған оқушы бар ма? деген сауалдар барысында бағаладым. Егер топта жұмыстануды бірізділікке қойып, жиі қолдансам, жұмыстану екіжақты жақсаратынына көзім жетті.Сіз жанұя мүшесісіз, топқа келгенде басқа оқушылар түсінбей қалмау керектігін түсініп, бір-бірін түсіндіріп тыңдаулары ұнады.
Диологтік оқыту арқылы мәтінді толық түсінгендігін анықтадым. АКТ-ны пайдаландым.Сұрақтарды қоюда, АКТ-ны пайдаландым. Өзімде жауапкершілік болу қажет екендігін сезіндім.
Оқушыларға уақыт беріп, «Ер қанаты-тұлпар» ойтолғау жазу, өлеңдер шығару арқылы сабақ қорытындыладым. Дарынды оқушылардың ойтолғау, өлеңдерінен Қозыкүреңді адамға теңегендігіне куә болдым . ДЖИКСО әдісінің көлемі ауқымды шығармаларды бір сабақта оқып-түсініп, әрі сыныптың түсінген түсінбегенін анықтау тиімді.
Менің түсінгенім, егер дұрыс ұйымдастыра алсақ, 1-2 әдіс-тәсілмен сабақты өз деңгейінде ұйымдастыруға болатындығына сенімділік пайда болды.
Тәжірибелік сабақты бағалау: Сабағымның негізгі бөлімінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту мақсатында зерделеу әдісін қолдандым. Бұл әдіс тиімді болды. Жақсы оқитын оқушылардан басқа оқушылар белсенділік танытпады. Дарынды оқушыларға сүйенді. Бұл әдістің тиімділігінің басты себебі мен өз тәжірбиемде алғаш рет қолдансамда, шығармамен танысуда оқушылар бірден қызығушылықпен топта, жұпта талдай алды. Сабақтың басты бөлігі –негізгі бөлім болатын.
Сабақ бойынша өзгертулер: Қадағалау, жеке түсінбеген оқушыларға үнемі көмектесіп назардан тыс қалмауын қадағалаймын. Бағаның соңынан қойылуын алдағы сабақтарымда дұрыс ұйымдастырып, критерий арқылы бағалауды үнемі қолдануым қажет. Себебі, оқушыларда дағдының қалыптаспағандығы анық байқадым.