Жаңалықтар

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ: "Қазақта сатира бар, тек жоқтаушысы жоқ"

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, сатирик-жазушы.
31.07.2014 07:27 5761

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, сатирик-жазушы.

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ: "Қазақта сатира бар, тек жоқтаушысы жоқ"

Қазақ сатирасының тарихы тым тереңде жатыр. Оның бастау бұлақтарын халық ауыз əдебиетiнен, Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала əңгiмелерiнен iздеуге болады. Соған қарамастан қазiргi БАҚ «Қазақта сатира жоқ» деп шулайды да жатады. Сатира сардары ретiнде Сiз не айтар едiңiз?

– Туасы, сатираның тұзы жеңiл. Мен Жазушылар одағында 30 жыл қызмет iстедiм. Сонда осы Одақтың пленумында болсын, Құрылтайында болсын, сатира туралы бiр ауыз сөз айтылмай-тын. Содан Одақты басқаруға Əнуар Əлiмжанов келгеннен кейiн, бiр-екi жылдан соң Құрылтай өттi. Сол баяндамасында сатираға арналған бiр тарау болды. Сонда қазақ сатирасының тарихына тоқтала келiп, бүкiл сатириктердi атап шықты. Кiмнiң не бергенiн, не жазғанын қадап айтты. Үзiлiске шыққан кезде Оспанхан Əубəкiров жарықтық, екi тiзесiн шапаттап билеп жүр. Мен «Мұның не?» деймiн. Сөйтсем, «Бiз тiрi екенбiз, бар екенбiз. Бiздi де еске алды-ау» деп едi.

Рас, соңғы кезде «Сатира жоқ» деген сөз ауыздан түспейтiн болып кеттi. Ол сөздi сатираны түсiнетiндер де, түсiнбейтiндер де айтатын болып жүр. Қолына қалам ұстап, бiр мақала жазғанның бəрi «Сатира жоқ» деген «əн» тауып алды. Өкiнiшке қарай, сатираның қамқоршысы болып жүрген Көпен Əмiрбектiң өзi бiр сұхбатында «Сатира жоқ» дейдi. Анада теледидардағы бiр хабарға қатысып отырып: «Бiзде сатира жоқ. Бар, бiрақ жеңiл, ұсақ-түйек. Салмақтының бəрi Оспанханнан кейiн бол-май кеттi» дегендi айтты. Көпеннiң өзi солай деп отырғаннан кейiн, басқаларға не жорық?! Сатира неге болмасын? Сатира бар, бiрақ соны оқитын, талдайтын, бағалайтын адам жоқ. Жалпы, əдебиетте сынның нашарлап кеткенi өз алдына, сатира туралы Темiрбек ағамыздан кейiн аузын ашатын адам қалмады. Роза Алтынбекова диссертация қорғады, кiтап жазады. Ол – жақсы. Бiрақ күнделiктi баспасөзге араласып, бүгiнгi сатира туралы пiкiр айтуы өте сирек. Əйтпесе «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Қазақ əдебиетi», «Əдебиет айдыны», тағы басқа басылымдардың бəрiнде бет, мүйiстер бар. Ал ендi баспадан жарық көрiп жатқан сатиралық кiтаптар өз алдына. Қайта бұ-рынғыға қарағанда сатиралық жинақтар көп шығатын болды.

Қаламы əбден төселген мықтылардың бiрi Үмбетбайдың, Көпеннiң, Толымбектiң, Еркiннiң – бəрiнiң кiтабы жарық көрiп жатыр. Соны бағалайтын адам болмағандықтан сатираны кiм көрiнген «тепкiлеп» жүр.

Сатира бар делiк. Ал ендi оның сапа деңгейi туралы не айтасыз?

– Кеңес кезiнде барлық баспаларда рецензент болды. Егер жарық көргелi жатқан кiтап туралы екi жазушының пiкiрi бол-маса, онда басылым шықпайтын. Ол – кiтаптың сапасына тiкелей əсер ететiн. Қазiр ешбiр баспада рецензент жоқ. Автор мен бас-пагер екеуi шығара бередi. Бiрi – төлейдi, екiншiсi – басады. Осыдан кейiн сапа туралы қандай əңгiме болуы мүмкiн. Негiзi, «Сатира бар» дегенмен, сапасын нашарлатып алғанымыз рас. Жалғыз сатира емес, бүкiл көркем əдебиет басылымдарында рецензент деген жоқ. Болса да көзбояушылық əрекеттер жа-сайды.

Қазiр, Құдайға шүкiр деп айталық, бiзде əзiл-оспақ отау-лары мен театрлары көп. Санасаңыз санынан жаңыласыз. Мереке қарсаңында күнде бiреуi бағдарламаларын ұсынып жатады. Iшiнде күлкiсi де бар, түрпiсi де бар. Бiрiне күлесiң, бiрiне жылайсың. Сiз олардың қойылымын көргенде күлесiз бе, əлде «жылайсыз ба

– «Айтқанның аузы жаман, жылағанның көзi жаман» болаты-ны рас қой. Олар туралы айтсаң, бiр есептен жамандаған болып көрiнесiң, бiр есептен қызғанғандай болып көрiнесiң. Əйтпесе олар қазiр бет-бетiмен кеттi. Солардың iшiнен бiреуi шығып: «Мынадай дүниемiз бар едi. Осыны талқылап берiңiздершi» деген емес. Осында iлгерiндi-кейiндi 10 – 15 сатирик жүрмiз ғой.

Ал сатиралық қойылым жазып берудi өтiнгендер бар шығар?

– Жоқ. Баяғыда, осыдан 15 жылдай бұрын жұрт: «Тамаша» на-шарлап бара жатыр» деп дабыл көтерген соң, соның басы-қасын-да жүргендердi сатира қауымдастығының кеңесiне шақырған-быз. Ол кезде марқұм Мұқадес Еслəмғалиев редактор болатын. Режиссерi – Лұқпан Есенов. Ол кезде қауымдастық президентi Темiрбек Қожекеевтiң аман кезi ғой. Содан бəрiмiз бас қосып, оларды күттiк. Жалғыз Мұқадес келдi. Лұқпанның қолы өмiрi тимейдi. Жарайды. Сол жиналыста қарадық, қаулы алдық. Əрбiр бағдарламаның материалдарын қарап отыруды Темкең маған тапсырды. Мен ешқандай тиын-тебенсiз күлкiнiң мүддесi үшiн жұмыс iстеуге келiстiм. Екi-үш күннен кейiн Мұқадес 20 күннен кейiн қойылатын бағдарламаны алып келдi. Оның iшiнде проза-сы да, поэзиясы да бар. Поэзиясын қарауды марқұм Жарасқан Əбдiрашқа тапсырдым. Прозасын өзiм қарадым. Жарамайтын-дарына белгi соқтық. Олар алып кеттi. Тағы екi-үш күннен кейiн келесi бағдарламаның материалдарын алып келдi. Тағы қарап бердiк. Содан əлгi бағдарлама сахнаға шыққан кезде қарасам, бiздiң түзетулер енгiзiлмеген. «Жарамайды» дегендерiмiздiң бəрi жарап кеткен. Сосын Мұқадеске: «Сен ренжiме. Бастығыңа сəлем айт. Бiздiң пiкiрiмiзбен санаспаса, онда бiз мазақ бо-лып отыра алмаймыз» дедiм. Сол кеткеннен олар мол кеттi. Ешбiр хабар-ошар бермедi. Өткен жолы Лұқпан Есенов «Қазақ əдебиетiне» берген сұхбатында: «Сатириктердiң артынан қуалап жүрiп жаздыра алмаймыз» дептi. Мен сол басылымға «Қазақша күреске бергiсiз қалжың» деген тақырыппен əзiл ретiнде жауап жаздым. «Сендердi көрмегенiмiзге пəленбай жыл болды. Сонда кiмдi iздеп жүрсiңдер?» дедiм. Газетке шықты. Бiрақ редакция сəл ыңғайсыздау етiп өзгерiс енгiзiптi. Соған да Лұқпан жауап бермедi.

Сiз кезiнде «Ара» журналын басқардыңыз. Əрине, ол уақытта «Ара» журналының рөлi де, пəрменi де күштi едi. Əрбiр фельетон жарық көрген сайын бiр шенеунiк жай-лы креслосынан сырғып түсетiн. Сол «Ара» жабылып, қайта ашылды. Оның жарық көруiне де өзiңiз мұрындық болдыңыз. Ендi екi кезеңдi салыстырмалы түрде айтып берсеңiз?

– Бұл сауалға жауап беру үшiн кеңестiк кезеңге қайта орал-май болмайды. Мен «Ара» жəне «Шмель» журналдарының Бас редакторы болдым. Ол кезде мынадай дəстүр болатын. «Осы дау туғызады-ау, кейiпкерлерi қарсылық жасайды-ау, құзырлы орындарда талқыға түседi-ау» деген күмəндi материалдарды Ғабит ақсақал бастаған редакция алқасы мүшелерiнiң бəрiне таратып беретiнбiз. Бұл дəстүрдi Ғабеңнiң өзi бастаған екен. Бiз соны ұстандық. Мақалаларымыз сапалы болды. Журналда жарық көрген фельетондарымыз бен сын мақалаларымыздың бiрде-бiреуi опық жегiзген жоқ. Сол журналды басқарған бес жыл iшiнде үш министр орнынан ұшып кеттi. Екi ғылыми зерт-теу институтының директоры қызметтерiнен қуылды. Бiрнеше кəсiподақ, партия хатшылары лауазымдарынан айрылды. Бiрақ соның ақыры өзiме соққы болды. Орталық комитеттегi Усти-нов пен Камалиденов соңымнан шырақ алып түстi. Қызметтен кетуге мəжбүрледi. Өйткенi əлгi қызметтен кеткен министрлер жолдасы, жақыны, жерлесi дегендей. Ал қазiргi «Араның» шығуына да мен себепкер болдым. Иманғали Тасмағамбетов Премьер-министр кезiнде хат жаздым. «Тəуелсiздiк алғалы берi «Арадан» басқа жабылған бiрде бiр газет-журнал жоқ. Бұл ұят қой. Қазақтың маңдайында бiр əзiл-сықақ журналының болмауы деген ақылға сыймайды. Айналайын, осыған көңiл бөлшi. Ал егер мəселе оң шешiлiп жатса, Бас редакторлыққа Көпен Əмiрбектi ұсынамын» дедiм əлгi хатта. Көп уақыт өтпей Иманғалидан ұсынысымды құптаған хат келдi. Содан «Ара» шықты. Ең алғашқы жылы өзiм көмектестiм. Қазiргi сапасы да, көркемдiгi де көңiл көншiтедi. Бiрақ жарық көрген сын мақаланың нəтижесiн тексеру, қадағалау деген жоқ.

Жаңа бiр сөзiңiзде «Даулы мақалаларды жарияламас бұрын алқа мүшелерiне таратып беретiнбiз» деп қалдыңыз. Қазiр де «Арада» сондай мүшелер бар. Оларға əлгiндей ма-териалдар жолданып тұра ма?

– Əйтеуiр маған хабарласып тұрады. Өзiм де телефон соғып, кейде барып тұрамын. Кей материалдарды тиын-тебенсiз түзеп беремiн. Өзiмнiң жазған-сызғандарымды ұсынып қоямын. Ау-дарма жасап беремiн. Ал басқа мүшелер туралы бейхабармын.

Қазақстан Жазушылар одағы жанында сатира қауым-дастығы бар. Осы кеңестiң негiзгi мақсаты не?

– Бұл ұйымның негiзгi мақсаты – қазақ сатирасын дамыту, көркейту. Оның көкжиегiн кеңейту. Басылымдарда сатираның жариялануын қадағалау. Газет-журналдарда сатиралық бет,мүйiстердiң ашылуына мұрындық болу. Əрiптестерiмiздiң кiтабын шығаруға бiрiге кiрiсетiнбiз. Орталық Комитетке дейiн хат жазатынбыз. Қазiр оның бəрi қалды.

Былтыр Оспанхан Əубəкiров ағамыздың 70 жылдық мерейтойы тойланбай қалды. Соның жоқтаушысы Сiз бо-лып жүрсiз. Тiптi, осыдан бес жыл бұрын тиiстi орындарға хат жазып, қозғау салыпсыз, соның өзiнде атаусыз қалып отыр. Сондай-ақ, Осағаңның төрт томдығын құрастырып, мемлекеттен қаржы бөлгiзген де өзiңiзсiз. Сонда деймiз-ау, атасының асын алты күн беретiн бұл қазаққа не көрiндi?

– Оспанхан Əубəкiров – қазақ сатирасының ғана емес, қазақ əдебиетiнiң классигi. Қазiр басылымдарда проза, поэзия ту-ралы мақалалар жарық көрiп тұрады. Сонда жазушылар мен ақындардың атын атаған сала құлаш тiзiм жүредi. Солардың iшiнен бiрде-бiр сатириктi көрмейсiң. Мысалы, биыл Асқар Тоқмағамбетов 100 жасқа, Шона Смаханұлы 80 жасқа толады. Олар туралы ешкiм жұмған аузын ашпайды.

Ал ендi Оспанхан туралы айтсам, ол тұрған үйге əлi күнге дейiн ескерткiш-тақта қойылмаған, не оның атында бiр көше жоқ. Осы туралы аудан, қала, облыс басшыларына хат жаза-жаза қолыма сүйел шықты. 2001 жылы Иманғали Тасмағамбетов вице-премьер болып тұрған кезiнде хат жолдадым. Онда əлгi мəселелердi айта келiп, Осағаңның 4 томдығын шығаруды да қозғай кеттiм. Содан көп ұзамай, сол кездегi баспасөз министрi Мұхтар Құл-Мұхаммедтен хат келдi. Соған қарағанда Иманға-ли хатты соларға жiберген ғой. Ол хатта: «Оспанхан Əубəкiров-тiң 4 томдығын шығаруға қарсы емеспiн. Құрастырып берсеңiз, алғашқы екi томын 2002 жылы, қалған екi томын 2003 жылы мемлекеттiк тапсырыспен шығаруды жоспарлап отырмыз» дептi. Қуанып кеттiм. Бiрақ осы күнге дейiн екi-ақ томы жарық көрдi. Қалған екi томы менде тұр.

– «Мəдени мұра» бағдарламасының қазақ сатирасына тигiзер шарапаты бар ма?

– Бiр күнi «Нұрлы Əлем» баспасының президентi Жарылқа-сын Дəулетке: «Бiздi ойлайтын ешкiм жоқ, шырағым. Екеумiз бiр тiзiм жасайық. Анау ауыз əдебиетiнен бастап, Қожанасыр,

Алдаркөсе, Тазша бала, Абай, Жамбыл, Сəкен, Бейiмбет, Iлияс, тағы басқа сатириктерiмiз бар. Солардың қайсысынан неше том шығады? Мүмкiн 20, 30, бəлкiм 50 том болар, бəрiн жинап шығарайық. Мықты демеушiлер табайық. Немесе Үкiметтiң алдына қояйық» дедiм. Ол қуана келiстi. Содан, бiр күн-түн отырып, 50 том жасадым. Оған бүгiнгi жас сатириктерге дейiн қосылды. Бұл ұсынысымызды Үкiметке жеткiздiк. Одан əлi хабар жоқ. Демеушiлер табылмады. Сонымен, бұл iстiң де арты сиырқұйымшақтанып кеттi.

Сiз ылғи да қоғамның келелi мəселелерiне өзiңiздiң пiкiрiңiздi бiлдiрiп, БАҚ-та жиi көрiнесiз. Соған қарап бiреу-лер Сiздi «Оппозиционер» деп жүр. Ал ендi бiреулерi: «Оп-позиционер емес» дейдi. Сiз осының қайсы жағындасыз?

– «Қой көрмеген қой көрсе, қуалап жүрiп өлтiредi» дейдi қазақ. Бұрын, тəуелсiздiк алғанға дейiн «дайын асқа тiк қасық» болдық қой. Егемен болғаннан кейiн қиыншылыққа тап болдық. Оның бiрден-бiр себебi, кеңестiк кезеңде барлық республика-ның тiзгiнiн КСРО Жоспарлау комитетi ұстап отырды. Ол мекемесiз бiрде-бiр шаруашылық, өнеркəсiп тырп ете алмайтын. Мысалы, Өскеменде машина жасау зауыты, ал Павлодарда трак-тор зауыты болды. Соларға барсам, ондағылар айтады: «Бiздiң зауыт деген атымыз ғана бар. Əйтпесе, трактордың 200 бөлшегi болса, бiзде соның елуi ғана бар. Қалғанын басқа республика-лардан аламыз. Ол үшiн оларға астық, ағаш, бал беремiз» деп. Мiне, өстiп жiпсiз байлап, матап қойған. Ал КСРО ыдырағаннан кейiн өздiгiмiзден машина да, трактор да шығара алмай қалдық. Елiмiз əлi өркендеу, өсу үстiнде. Мен орынсыз мақтамаймын да, даттамаймын да. Қоғамның жетiстiгi де, кемiстiгi де бар. Со-ларды өзiмнiң сана-сезiмiм жеткен жерiне дейiн жазып жүремiн. Мұның бəрi халықтың құлағына жету керек қой. Сонда ғана қоғамдық пiкiр туады.

Əңгімеңізге рақмет

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ» 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға