Жаңалықтар

Абайдағы өртті сөндіруге 60-тан астам ТЖМ авиаторы жұмылдырылды

Абайдағы өртті сөндіруге 60-тан астам ТЖМ авиаторы жұмылдырылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 14.06.2023 20:53 936

Олардың ішінде ұшу қызметінің тәжірибелі мамандарының 11 экипажы бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ оқиға орнында әуе кемелерінде техникалық қызмет көрсету және орындау жөніндегі инженерлік-авиациялық қызметтердің 33 қызметкері, материалдық-техникалық жарақтандыру және жабдықтау мамандары, өңірлік бөлімшелердің директорлары жұмыс істеп жатыр.

Авиаторлардың жұмысы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00-де көтерілуден басталып, 23:00-ге дейін жалғасады, кейде одан кеш аяқталады. ТЖМ авиаторлары қауіпсіз ұшуды ғана емес, сонымен қатар авиатехниканы пайдалана отырып өртті сөндіру бойынша күрделі мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге тікелей жауапты.

Абай облысында орман өртін сөндіру процесінде авиацияны қолданудың аса маңызды элементтерінің бірі сыртқы аспада жарақтандырылған су төгетін құрылғылармен (СТҚ) тікелей сөндіру болып табылады. 

Су төгетін құрылғылар 10-15 секунд ішінде 5 тоннаға дейін су алуға және 6 секунд ішінде өрт ошақтарына суды төгуге қабілетті, бұл орман алқаптары өртенген кезде үлкен аумақтарда өте тиімді. 

Өртті сөндіру үшін тікұшақтың ұшуының негізгі кезеңдері: ұшу; резервуарды толтыру үшін ең жақын су айдынына су төгетін құрылғымен ұшу; өрт орнына ұшу; өрт ошағына су төгу болып табылады. 

Орман өрттерін сөндіру кезінде тікұшақтарды пайдаланудың артықшылықтары олардың өрт ошағына су жеткізудегі жеделдігі (макс.жылдамдығы сағатына 250 км дейін), көп мөлшерде су төгудің жоғары тиімділігі, жоғары өтімділік, оңтайлы көру және маневр жасау мүмкіндігі болып табылады.

Су төгетін құрылғысы бар сөндіру жалпы өртті сөндіруді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жедел және тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Өртті сөндіру кезінде аспалы су төгетін құрылғысы бар тікұшақтардың ұшуының негізгі кезеңдері тікұшақтың орнынан ұшуы, бос құрылғымен су толтыру орнына ұшып баруы, су төгетін құрылғыға су жинау үшін әуеде тұрақтау, су толтырылған құрылғымен өрт аймағына ұшып барып, суды жанып жатқан жиектерге төгу болып табылады.

Осы кезеңдердің ішінен тікұшақтардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өртті сөндіруде әуедене су төгу кезеңі ерекше маңызға ие. Бұл, бір жағынан, өрт аймағында қысқа мерзімді ұшуды орындаудың күрделі сыртқы жағдайларына (конвективті ағындар, түтін), екінші жағынан, белгіленген жағдайларда суды төгу кезінде «тікұшақ - аспа – су төгу құрылғысы» жүйесінде туындайтын күрделі динамикалық процестерге байланысты.

Өрт басталғалы бері барлығы 2 100-ге жуық рет көлемі 6 000 тоннадан астам су төгілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға