Жаңалықтар

Абайда «Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласы ашылды

Абайда «Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласы ашылды
Фото: Абай облысы әкімдігі 10.08.2024 16:35 458

Абай облысында «Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Абай ауданына жасаған жұмыс сапарының аясында бірнеше нысандарды аралап, бүгінгі жағдайымен танысты. Аймақ басшысы «Қарауыл-Архат» бағытындағы 10 шақырым кіреберіс жолының орташа жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Мердігер – «Дерикар» ЖШС. Жұмысты 2024 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ облыс әкімі «Ақшоқы – Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласының ашылу салтанатына қатысты.  

Әкімдіктің мәліметінше, стелланы жергілікті мүсінші Нұрбол Қалиев жасаған. Стелладағы алтын қыран Құнанбайдың мінезін, қайраткерлігін танытады. Сонымен қатар стелла өлкеміздің байлығын, осында туып-өскен тұлғаларының ұлылығын білдіреді.

Айта кетейік, аталған нысан «Нұр Астық Kz» ЖШС демеушілігімен тұрғызылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға