Абай облысының әкімі өңірдің қазіргі жағдайы туралы баяндады
Президент Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
22.06.2022 18:35
2251
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдап, өңірдің қазіргі жағдайы туралы баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Облыс әкімі жылумен жабдықтау, жылу электр орталығын салу, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, мектептер мен ауруханалар және тағы басқа да әлеуметтік нысандар салу сияқты өзекті мәселелер бар екенін жеткізді.
Нұрлан Ұранхаев аймақтың ішкі инфрақұрылымын қалпына келтіру басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Абай облысын қалпына келтіру жолындағы түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешу туралы тапсырма берді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мүлік иелерінің бірлестігіне өту мерзімі ұзартылды
Келесі жаңалық
Баласы үшін 100-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды