Жаңалықтар

Абай облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

Абай облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды
Фото: ШҚО полиция департаменті 20.06.2022 18:55 1220

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19 маусым таңғы сағат 04.50-де болған, деп хабарлайды El.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алакөл-Семей» бағытында тұрақты қатынайтын Setra-S маркалы автобус Жарма ауданының тұсындағы жолда Семейге қарай бара жатқан. 56 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, автобус жолдан шығып, аударылған. Жол апаты салдарынан екінші жүргізуші мен 13 жолаушы түрлі деңгейдегі жарақаттар алды, - делінген хабарламада.

Олардың барлығына медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетті. Ал қоғамдық көлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға