Жаңалықтар

«Абай оқуларына» 130-дан аса жас дарын қатысуда

«Абай оқуларына» 130-дан аса жас дарын қатысуда
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 12.06.2024 04:40 311

Абай облысындағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде XXV республикалық «Абай оқулары» өтіп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, көркемсөз байқауына 8-11 сынып оқушылары қатысуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты шараның ашылуында Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев жас таланттарға сәттілік тіледі.

Абай оқулары оқушылардың рухани дамуына ерекше әсер ететін қоғамдық - мәдени шара екендігі жыл сайын айқындалып келеді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жас дарындардың басын қосатын киелі мекенде әр қатысушы сөз өнері шыңында сыналады, қабілет қарымын арттырады. Қазіргі жаңа буын Абай мұрасынан нәр алып, оның асыл сөздерін, асқақ поэзиясын, терең философиясын бойына сіңіріп өсуге тиіс, - деді Қаныбек Жұмашев.

Республикалық қорытынды кезеңде 130-дан аса жас дарын 6 номинация бойынша бақ сынауда:

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі».

Басты шарт - қатысушылар Абай шығармаларын жатқа айтуы тиіс.

Айта кету керек, Абай оқуларының жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталады. Сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының атынан грамоталар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға