Жаңалықтар

Абай облысының құтқарушылары тұрғын үйдегі өртті сөндірді

Абай облысының құтқарушылары тұрғын үйдегі өртті сөндірді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 28.12.2024 04:30 301

Семей қаласындағы Екінші жағалау көшесінде орналасқан көппәтерлі жеке тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер үйдің шатыры мен ішіндегі жеке заттардың жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылардың шұғыл әрекетінің арқасында өрт ауыздықталып, жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрайтын жалын сөндірілді.

Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өрттің алдын алу шараларын ескеріп, абай болу – қайғылы жағдайларды болдырмаудың басты кепілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға