Жаңалықтар

Абай облысының полицейлері жоғалған баланы анасына қайтарып берді

Абай облысының полицейлері жоғалған баланы анасына қайтарып берді
Фото: Polisia.kz 26.12.2024 02:33 299

Қала орталығындағы алаңда жаңа жылдық шыршаны жағу салтанаты өтті. Осы шара барысында кішкентай қыз көпшіліктің ішінде анасынан көз жазып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полицейлер жылдам әрекет етіп, қызды тыныштандырып, оны сахнада өнер көрсеткен әртістердің автобусына отырғызды.

Осы уақытта қыздың анасы алаңда баласын уайымдап іздеді. Полицейлер алаңда алаңдаған әйелді байқап, оны автобусқа дейін ертіп апарды. Сол жерде анасы мен қызы қайта қауышты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға