Жаңалықтар

Абай облысының әкімі рейтингте бірінші тұруына қатысты пікір білдірді

Абай облысының әкімі рейтингте бірінші тұруына қатысты пікір білдірді
Фото: ortcom.kz 04.11.2024 17:02 405

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзінің әкімдер арасындағы рейтингте бірінші тұруының себебін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысының әкімі кім не десе де, халықтың әділ бағасы үшін жұмыс істейтінін айтты.

– Мен үшін рейтингтің болғанынан болмағаны жақсы. Өйткені осындай сұрақтар туындамайды. Өзімді әріптестеріммен жақсы- жаман деп салыстырғым келмейді. Себебі, біз халықтың бағасы үшін ғана жұмыс істейміз. Ең маңыздысы сол. Қатар жүрген әріптестерімнен жақсымын деп айтпағанмын. Айтпаймын да. Бұл рейтингтің қалай шыққанын да білмеген екенмін,  – деді Нұрлан Ұранхаев.

Айта кетейік, таяуда жарияланған облыс әкімдерінің рейтингінде Нұрлан Ұранхаев көш басында тұрған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға