Жаңалықтар

Абай облысының әкімдігінде департамент басшылары тағайындалды

Бұл туралы Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Абай облысының әкімдігінде департамент басшылары тағайындалды
Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi 01.11.2022 15:08 3104

Абай облысында бірқатар департаменттің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды  El.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына Мақсат Елемесов тағайындалды

 Абай облысы бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы лауазымына Анар Ерембаева тағайындалды.

 Абай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департаментінің басшысы лауазымына Асхат Сағидолдин тағайындалды.

 Абай облысы бойынша техникалық реттеу департаментінің басшысы лауазымына Айнара Мұхаметқалиева тағайындалды.

 Абай облысы бойынша экология департаментінің басшысы лауазымына Серік Сарбасов тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға