Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
25.12.2024 05:22
262
Абай облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері Вера Павловнаның үйіне барып, оған жаңартылған жеке куәлігін табыстады. Алдыңғы құжат берілгеннен бері 10 жыл өтіп, оның мерзімі аяқталған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біз, қарт адамдар, көп нәрсе сұрамаймыз. Тек сәл көңіл бөліп, қамқорлық танытып, құрмет көрсетсе болғаны, — деді ол.
Вера Павловна өз жасына қарамастан, денсаулығының жақсы екенін айтып, погонды қонақтарына да сондай денсаулық тіледі.
Полицейлер болса бұл құжаттың да мерзімі аяқталғанда тағы да кездесіп, жаңа куәлік табыстауға әзір екендіктерін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы