Абай облысындағы жолдардың шұғыл жөнделуіне қатысты әкімдік пікір білдірді

Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
11.06.2023 15:24
802
Абай облысының әкімдігі Президенттің өңірге сапары аясында сапасы нашар жолдардың жөнделуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін БАҚ-та жолдардың шұғыл жөнделіп, асфальт жамалып жатқаны жайлы хабар айтыла бастаған болатын. Аталған жағдайдан кейін өңір әкімдігі мәселенің мәнін түсіндірді.
«Бородулиха-Жерновка-Поллог» аудандық маңызы бар жолында көлік құралдарының, оның ішінде құтқару қызметі мен волонтерлердің қозғалыс қарқыны артты. Осыған байланысты өрт сөндіру штабына келіп-кететін автомобиль ағынын ескере отырып, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және жүру бөлігін шаңнан арылту мақсатында жолдағы шұңқырлар уақытша бітелді» - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Еліміздегі ірі қара саны 8,5 миллионнан асты
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті