Жаңалықтар

Абай облысындағы өртті сөндіруге барлық күштер жұмылдырылды

Абай облысындағы өртті сөндіруге барлық күштер жұмылдырылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 10.06.2023 10:21 867

Бірнеше күннен бері Абай облысында жанып жатқан орман өртіне байланысты ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов қазіргі жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Абай облысындағы жағдай туралы баяндап, қазіргі уақытта 8 тікұшақтың жұмылдырылғанын атады. 

Абай облысындағы орман өрттері бойынша қазіргі жағдай тұрақты. Таңнан бастап тікұшақпен өртті барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таңғы 6-дан бастап 8 тікұшақ өртті сөндіруге кірісіп кетті. Барлық техникалар мен жеке құрам өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауа райының қатты ыстық болуы мен желдің тұруына байланысты құмды жерлерде және орман арасына кіруде өртті сөндіруде қиындықтар туындап отыр. Соған қарамастан барлық жұмыстарды жүргізіп, өрт сөндірушілермен бірге орман шаруашылығы қызметкерлері, сонымен қатар жергілікті атқарушы әкімшіліктен күш-құралдарын жұмылдырып жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар ТЖМ-нен техникалар беріліпжеке құрам өртті сөндіруге кірісті, - деді комитет Нұрболат Дербісов. 

Бұған дейін Абай обылсындағы өртке Алматы және Қарағанды облыстарынан әскери бөлім қызметкерлері тартылған болатын. Сонымен қатар, өңірде төтенше жағдай жарияланып, орман шаруашылығының үш қызметкері қайтыс болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға