Абай облысындағы өрт салдары ғарыштан көрсетілді
«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы Абай облысындағы өрт салдарын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғарыштан түсірілген суретте қызыл жалын шарпыған 3,5 мыңға жуық аумақты толықтай көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ҚР ТЖМ мәліметінше, бүгінгі таңда өрттен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге 201 техника, 8 тікұшақ, 1 өрт сөндіру пойызы және жеке құрамның 852 адамы жұмылдырылған.
Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, алайда қауіпсіздік мақсатында қосымша 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланған.
Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, өрт ошақтарын толығымен жойып, келтірілген залалды бағалау үшін «Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізуі қажет, – деп атап өтті Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.