Абай облысындағы табиғи өрт толықтай оқшауланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
5 тамызда сағат 10:21-де "Семей Орманы" мөр аумағындағы орман алқабының жануы оқшауланды. Резерваттың мәліметінше, жану алаңы 27 га құрайды. Жағдайдың тұрақтануына байланысты ТЖМ бөлімшелері тұрақты орналасқан жерлеріне қайтарылды, - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті