Жаңалықтар

Абай облысындағы әйелдер колониясында 50-ге жуық сотталған оқуға түсті

Абай облысындағы әйелдер колониясында 50-ге жуық сотталған оқуға түсті
Фото: Polisia.kz 03.09.2024 08:16 485

Абай облысындағы әйелдер колониясында 50-ге жуық сотталған оқуға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Риддер қаласының тұрғыны 55 жастағы әйел адам өлтіргені үшін сот үкімімен бас бостандығынан айырылып, жеті жылға сотталып, колонияға бір жыл бұрын түскен.

Тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін жаман ортамен қарым-қатынас, махаббаттың буы, маған мектепті бітіріп, аттестат алуға мүмкіндік бермеді, ал қазір 55 жасымда осы жерде білім алып оқуымды жалғастырғым келді, өйткені оқып білім алуға ешқашан кеш емес. Менің екі ұлыммен қызым бар, ұлым да бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр, қызымның өз отбасы бар. Мерзім соңында мен де қолымда наубайшының дипломымен және аттестатпен бостандыққа шыққым келеді, – деп бөлісті сотталған әйел.

Сотталған әйелдерге арналған сабақтар екінші қыркүйектен басталды.

19 әйел орта мектепке, тағы 31-і кәсіптік училищеге қабылданды, онда аспазшы, кондитер-наубайшы және тігінші мамандықтарын оқи алады, – деп атап өтті сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ақмарал Қайранова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға