Абай облысындағы әлеуметтік нысандар тексерілді
Фото: Абай облысының әкімдігі
Фото: Абай облысының әкімдігі
29.12.2024 14:44
566
Абай облысындағы Аягөз ауданындағы бірнеше маңызды нысандардың жұмысы тексерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңір басшысы «Аягөз Жылу» КММ-нің үш жылу қазандықтарын және өрт шыққан «БЭСК» АҚ қарасты қосалқы стансасын аралап, жылу беру жағдайымен танысқан. Қазандықтар 2,5 мың абонентке, 71 көпқабатты үй мен 191 коммерциялық нысанға қызмет көрсетеді. Жылу жеткілікті, отын қоры жеткілікті және жұмыс күшінде тапшылық жоқ. Әкім қыстың аязды күндеріне дайын болу керектігін айтты.
Сондай-ақ, қосалқы стансаның өрттен зардап шеккен электр желілерін жаңарту жұмысы жалғасуда. Облыс әкімі энергетиктер мен аудан басшылығына оқыс оқиғалардың қайталанбауын қамтамасыз ету туралы тапсырмалар берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызылорда облысында "Мұз-2024" акциясы жалғасуда
Келесі жаңалық
Ұлттық ұландағы Жаңа жыл: игі дәстүр