Жаңалықтар

Абай облысында жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауға алынды

Абай облысында жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауға алынды
Фото: Абай облысының әкімдігі 05.08.2023 10:18 408

Абай облысында жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында жалпы сомасы 8 098,2 млн. теңгеге жылу желілері мен жылу көздерін жөндеу және қайта жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған кешенді жұмыстарды 30 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. 

Сондай-ақ, жылыту маусымының басына қарай «Ғаббасов» және «Центр» қазандықтарын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда екі қазандықта да жұмыстың 80% аяқталды. Жалпы, жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүргізіліп, тұрақты бақылауға алынды.

Абай облысын орталықтандырылған жылумен жабдықтау қуаты 100 Гкал/сағ астам 4 ірі жылу көздерімен (ЖЭО - 1, АҚ-1, Семей қаласындағы «Орталық» қазандығы және Бородулиха ауданы Жезкент кентінің қазандығы) және қуаты 100 Гкал/сағ кем 40 жылу көздерімен (Семей қаласында 19 бірлік және облыстың 6 ауданында 21 бірлік) қамтамасыз етіледі. Бородулиха ауданы - 6, Абай ауданы - 2, Аягөз ауданы – 5, Жарма ауданы – 2, Үржар ауданы – 2 және Курчатов қаласы – 4). Бұдан басқа, облыс бойынша бюджеттік ұйымдарды жылумен жабдықтауды 273 дербес қазандық қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға