Жаңалықтар

Абай облысында жылу жүйесі сыр берді

Семейде жылу жетіспеушілі шешілмесе де, қала орталығында тұрғын үйлердің көптеп салынуы ел наразылығын тудырды.
Абай облысында жылу жүйесі сыр берді
Фото: Абай облысы баспасөз басқармасы 05.12.2022 11:48 2487

Мемлекеттегі соңғы жаңалықтар бойынша Екібастұздан басталған жылу мәселесі тағы бірқатар өңірде орын алуда. Теміртау, Ақтас, Жезқазған, Шахтинск, Абай облысының тұрғындары да аязды күндері арнайы жылыту қондырғыларымен отыруға мәжбүр екендерін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

5 ай бұрын Абай облысының орталығы деп танылған Семейде жылу магистралінің тозу деңгейі – 63,8%-ды құрайды. 2027 жылға дейінгі кешенді дамыту жоспарына сай жаңа құрылыс объектілерінің басталып кеткені халық көңілінде алаңдаушылық тудырды. Неліктен бірінші кезекте жаңа жылу электр орталығын салу жұмысы қарастырылмайды дейді олар.

Абай облысында жылу жүйесі сыр берді

Жылыту маусымына дайындық тексерілген уақытта "Ғаббасов" жылу қазандығы 2391 абонентті жылумен қамтамасыз етуге жүз пайызға дайындықтарын көрсеткен. Сонымен қатар, аталмыш станция жаңадан салынған үйлерге жылу беру мақсатында жаңа қазандықтарды салу жұмыстары жүргізіліп жатқан еді. Орталық пен 35 квартал жылу қазандықтарының да дайындығы толыққанды деп бекітілген.  Алайда аязды қыстың алғашқы күндерінен-ақ станциялар тұрғын үйлерді жылытуға шамасы жетпеді.

Жауапты басшылардың айтуынша, қазандықтарды қайта құру жұмысына сметалық жоба сәуір айында бекітілген. Жұмысқа кірісу барысына құжатта олқылықтар табылғаннан кейін қосымша қаржыны қарастыру қажеттілігі туындаған-мыс. 2022 жылы қыс мерзімі басталмай тұрып жөндеу жұмыстарын жасау үшін жергілікті бюджеттен – 905 млн теңге, республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген. Мердігер компанияның өкілі қойылған сауалға "қаржы жетіспеушілігінен туындаған мәселе" деп қысқа қайырды. Сондағы 1 млрд 905 млн теңге жөндеу жұмыстарына жетпегені ме?

"Қаладағы қазандықтар тұрғын үйлерді толық қамтуға шамасы жетпейтіндігі өтірік емес. Үшінші тоқсанда жүргізілген есепте құрал бағалары жобада көрсетілгеннен асып түсті. Қазандықтардың қуатын арттыру үшін тағы 730 млн теңге қажет. Бірқатар жабдықтардың ақшасын төлесек те, әлі де сатып ала алмай отырмыз. Бұл тек сізде ғана емес Қазақстан бойынша орын алып отырған мәселе", – дейді "Азия" ЖШС мердігер компания өкілі Сергей Мейлейко.

Екібастұздағы төтенше жағдайдан кейін Семей тұрғындары әкімдіктің ресми желісіне толассыз комментарийлер қалдырып, жылудың жоқтығын жеткізуде.

Абай облысында жылу жүйесі сыр бердіАбай облысында жылу жүйесі сыр берді

Соңғы жағдайға сәйкес мемлекет басшысы қысқы жылу маусымына дайындық жөнінде орталық жән жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі комиссия құруды тапсырған болатын. Семей қаласына бекітілген комиссия төрағасы Тимур Сүлейменов қазандықтардың жай-күйін бақылап, оң жағалаудағы қазандықтар тексеру барысында жылу қуатының тапшылығы анықталған. Бұл – қазандықтардың сенімсіздігін көрсетті.

Ал облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев болса, жылумен қамтамасыз етуде ешқандай қиындық жоқ дегенді алға тартады.

"Жылумен қамтамасыз етуде техникалық ақаулар жоқ. Бірақ көмір жеткізуде олқылықтар бар. Жалпы қажеттілік 1,2 млн теңгені құрайды", – дейді ол.

Абай облысында жылу жүйесі сыр берді

Облыста жаңа ЖЭО салу мәселесі бірнеше жыл қатарынан күн тәртібінен түспеген. Биыл 149млрд теңгеге 29 жоба жасалған. Нәтижесі көзге көрінбейтін тәрізді.

Технологиялардың тозуы үлкен ысырапқа жол береді. Шешім ретінде Семей қаласы мен Абай ауданының орталығы Қарауылда жылу желілерін тартуға 1,3 млрд теңгеге үш жобалық сметалық құжаттама әзірленген. Шүлбі кентін жылумен қамту мәселесі Абай облысының 2027 жылға дейін кешенді дамыту жоспарына енгізілген. Аталмыш жобаны іске асыру үшін кем дегенде 2-3 жыл қажет. Оған дейін бар станциялардағы қазандықтардың күш қуатын арттыру қажеттілігі туындап отырн

"Жаңа ЖЭО талапқа сай жұмыс жасауы үшін ұзақ уақыт керек. Қазандықтардың жұмысын арттыру үшін қуатын күшейту керек. Бірінші кезекте су жылытатын қазандықтар орнатылады. Құрылыс суммасы 1 млрд 700 мың теңгені құрайды. Барлығы бюджетке қарап тұр. Орнатылу қажет сүзгінің өзі 220 млн теңге тұрады", – дейді "Жылукоммуноэнерго" МКК директорының орынбасары Аржан Келменбетов.

Семей жаңадан бой көтеріп жатқан Қарағайлы шағын ауданының тұрғындары жаңадан салынған үйлерде жылу жоқ дейді. Қарашаның 27-сі күнгі тексеру жұмыстары кезінді бірнеше үйді жылумен қамтамасыз ету проблемалары анықталған. Қазіргі таңда мамандар жертөледегі ақауларды реттеуде. Сонымен қатар, үйді салған компания жылу инспекция мамандарымен жылу жүйесін ретке келіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Төтенше жағдай орын алмағанда тексеру жұмыстары жүргізілмес еді деп ашынған халық қаладағы таңы біршама мәселелердің басын ашты.

" Облыс атағын алдық деп қуанған едік. Әзірге парк жөндеп, үйлердің сыртын әсемдегеннен басқа көзге көрінер іс байқамадық. Біз білмейтіне дүниелер бар шығар. Алайда астобус мәселесі әлі шешімін таппады. Мына аязда дірдектеп қаншама сағат автобус күтеміз, үйге келсек жылу жоқ. Сонда осы мәселелерді реттеу үшін, Екібастұздағы сынды жаңдайлар орын алу керек пе, түсінбедік",– дейді қала тұрғыны.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға