Жаңалықтар

Абай облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалды

Абай облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалды
Фото: Видеодан кадр 13.01.2024 20:23 806

Абай облысында автобус 17 жолаушымен жолдан шығып кетіп, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазір кюветтен автобусты шығару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Абай облысының Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде, қатты желдің салдарынан 31 жастағы коммерциялық жолаушылар автобусының жүргізушісі рульді басқара алмай 17 жолаушымен кюветке ұшып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға 2 адам жүгінді.

Автобус Қабанбай батыр ауылы - Алматы бағытымен жүрген. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Осы ретте Абай облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға