Жаңалықтар

Абай облысында заңсыз ойын бизнесі анықталды

Абай облысында заңсыз ойын бизнесі анықталды
Фото: Видеодан кадр 25.08.2023 09:40 895

Абай облысында «Sport Bar» атауымен «букмекерлік кеңсе» атын жамылған заңсыз ойын бизнесінің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«STOP Ойын» шарасы аясында облыстық Полиция департаментінің «Арлан» арнайы жасағымен бірлесіп, Семей қаласында екі мекенжай бойынша банкноттарды қабылдайтын және қолма-қол ақшалай ұтыс беретін терминалдар, компьютерлер, ақша және т.б. заттай айғақтар тәркіленіп алынды.

ҚМА мәліметінше, бір топ тұлғалардың алдын ала келісімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Айта кету керек, ҚР «Ойын бизнесі» туралы Заңына сәйкес бәс тігуді немесе жүлде беруді қолма-қол ақшамен іске асыратын букмекерлік кеңселер мен лотереялардың кассалары тек қана Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында және Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағында орналастырылуы тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға